Қостанай облысында ер адам тыйым салынған кәсіптен 358 млн теңге табыс тапқан

Ол веб-сайт арқылы қамтамасыз етілмеген Bitcoin цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен сатып алу–сатуды жүзеге асырған.

Қостанай облысында ер адам тыйым салынған кәсіптен 358 млн теңге табыс тапқан
kaspersky.kz
698

Арнайы рұқсатсыз заңсыз крипто айырбастаумен үндескен кәсіпкерлік қызметін Қаржылық мониторинг агенттігі тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Күдікті 2020-2022 жылдар аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырып, тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

«Ол веб-сайт арқылы қамтамасыз етілмеген Bitcoin цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен сатып алу–сатуды жүзеге асырған. Осы арқылы 358 млн теңге сомасында, яғни аса ірі мөлшерде табыс тапқан», - делінген хабарламада.

Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды және екі жыл мерзімге цифрлық активтердің, цифрлық майнингтің шығарылуы мен айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары