Ақмола облысындағы студент өлімі:11 адам кінәлі деп танылды

Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Ақмола облысындағы студент өлімі:11 адам кінәлі деп танылды
egemen.kz
786

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды.

Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.

Еске сала кетсек, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.

Серіктес жаңалықтары