Ақмола облысында подполковник есірткі сатып келген, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан әскери сотының мәліметінше, подполковниктің мәселесі Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Сотталушы подполковник М-ны полиция қызметкерлері ұстады. Ол тұрғын үйлердің терезелеріндегі металл торларға «хэш майы» есірткі заты бар пластикалық колбаларды магниттермен бекітіп жатқанда ұсталды», - дейді ведомство.
Жеке тінту кезінде салмағы 23,62 грамм «хэш майы» есірткі заты бар 34 колба мен 7 шприц тәркіленген.
«Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан айырылды»,- дейді әскери сот.
Жәбірленушілердің өтемақы қорына 69 000 теңге мөлшерінде мәжбүрлеп төлем өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.