Болгарияда Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Іс-шараға Satbayev University, София Техникалық университетінің басшылығы, Қаныш Сәтбаевтың немересі Ғани Сәтбаев, екі ел университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының және ғылыми зиялы қауымның өкілдері қатысты.
Болгарияда Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің бастамасымен Satbayev University және София Техникалық университетімен бірлесе отырып, көрнекті қазақ ғалымы, геологы, академигі, отандық металлогеника ғылымының негізін қалаушылардың бірі және қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай онлайн форматта халықаралық конференция ұйымдастырылды.
Іс-шараға Satbayev University, София Техникалық университетінің басшылығы, Қаныш Сәтбаевтың немересі Ғани Сәтбаев, екі ел университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының және ғылыми зиялы қауымның өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, академиктің немересі Ғ. Сәтбаев есінде мәңгі сақталған атасы туралы керемет өткізілген уақыт пен отбасылық өмірдің қызықты сәттері жөніндегі естеліктерін бөлісті.
Іс-шараның екінші бөлімінде Satbayev University және София Техникалық университетінің өкілдері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және өзара тиімді серіктестіктің келешегін талқылады. Тараптар өз ЖОО туралы презентацияларды өткізіп, содан кейін өндіріс үшін инновациялық жобалар саласындағы ғалымдардың өзара іс-қимылынан бастап, студенттермен алмасуға және екі елдің мәдениеттерінің өзара енуіне дейінгі қысқа және ұзақ мерзімді перспективада болашақ ынтымақтастықтың форматтарын талқылады.