Антикор өртке қарсы қызметтің бірнеше басшысына қатысты тергеуді аяқтады
Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам қаражатты бизнес өкілінен жүйелі түрде алғанына байланысты күдікке ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам қаражатты бизнес өкілінен жүйелі түрде алғанына байланысты күдікке ілінген. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.
Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - деп хабарлады Антикор.