975
«Сәби сүюден асқан бақыт жоқ»: Актер Жахан Отарғалиев өзіне қойылған диагноз жайлы айтты
Жахан Отарғалиев өз өміріне қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.
Актер, продюсер Жахан Отарғалиев өзіне қойылған диагноз жайлы журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
"Жахан, сенің физикалық тұрғыда балаң болмайды" дегенді дәрігер бірден айта салды. Оның үстіне, маған мұны әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді. Бұрын сезетінмін. Біраз жыл жүрдік қой. 15 жылдай. Бірақ менің бетіме ешкім бұлай айтпаған. Дерт жайлы кесіп, бетіме айтқан кезде еш нәрсе қызық болмай қалды. Мұңаятын кездерім болады. Ондай кезде өзімді іштей жей беремін. Осының бәрі маған қатты әсер етеді. Маған өмір сүру қызық болмай қалады. Тек пайғамбарымыздың өмірбаянын еске алып қана бой тіктеп аламын", - деді актер.
Сондай-ақ ол өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ екенін атап өтті.