Сапар аясында келіссөздер жоспарланған.
Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлады turkystan.kz.
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған.