Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар ұсталды

Қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті

Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар ұсталды
Видеодан алынған кадр

Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Кейін ол бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің жазуынша, қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өткен.

«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.