Бүгін елімізде екпінді жел соғып, найзағай ойнайды

26 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін елімізде екпінді жел соғып, найзағай ойнайды
AFP 2024 / JANEK SKARZYNSKI

«Қазгидромет» мамырдың 26-сы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді. Бүгін еліміздің көп жерінде түнде жауын–шашын болады, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында-қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде бұршақ жауады деп күтілуде.

Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте түнде тұман түседі.