Шымкентте әкімдіктің 26 қызметкері жазаланды

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Шымкентте әкімдіктің 26 қызметкері жазаланды
gov.kz

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді, деп жазады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының жазуынша, олар жауапқа тартылды.

Талдау барысында қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуда бұл тізімге енгізбеу фактілерін анықтаған. Нәтижесінде бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берген.

"Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді Шымкент қаласы прокуратурасы.