Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Өңірде қар жауып, күн суыды

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
Azattyq Ruhy

Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыстар уақытша жабылды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұның себебі ауа райының қолайсыздығы, атап айтқанда, қардың түсуі және температураның төмендеуі.

Автожолдардың жабылуы Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы учаскелерде орын алды: 

«Екатеринбург-Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы)

«Егіндікөл-Жолан» 0-61,3 км

«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 43-119 км, 2

«Жалтыр-Макинск» 0-38 км,

«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 0-43 км,

«Новочеркасское-Егіндікөл» -Қайнар 0-52 км.