Қарағанды тұрғыны TikTok-тағы жазбасы үшін сотталды

Ол бұл ісіне өкінетінін айтып, соттан ең аз жаза мерзімін тағайындауды сұрады

Қарағанды тұрғыны TikTok-тағы жазбасы үшін сотталды
Stanislav Kogiku / Keystone Press Agency
550

Қарағандылық тұрғын TikTok-тағы жазбасы үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, қылмыстық істі Қарағанды ​​қаласы Қазыбекби аудандық соты қарады. Сотталушыға TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Сот ер адамның қарулы жиһадқа шақыратын діни мазмұндағы жазбалар мен видеоларды жариялағанын анықтады.

«Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол бұл ісіне өкінетінін айтып, соттан ең аз жаза мерзімін тағайындауды сұрады», - делінген хабарламада.

Сот қарағандылықты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.

Серіктес жаңалықтары