Шымкент әкімі «Ордабасы» клубының жаңа президентін таныстырды

Кездесуде футбол клубының алға қойған жоспарлары мен көздеген мақсаты талқыланды.

Шымкент әкімі «Ордабасы» клубының жаңа президентін таныстырды
сурет: instagram.com/fc__ordabasy
473

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубының жаңа президентін таныстырды. Жаңадан тағайындалған Асхат Сейсембек бұл қызметке 3 маусымнан бастап кіріседі. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігі хабарлады

«Жаңа басшының футболға тікелей қатысы бар. Бұған дейін ол Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының бас директоры, Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы қызметтерін атқарды»,- деп жазылған мәліметте.

Кездесуде футбол клубының алға қойған жоспарлары мен көздеген мақсаты талқыланды. Сонымен қатар, жанкүйерлер жаңа стадион салу тақырыбын қозғады.

 

 

Серіктес жаңалықтары