Айтбек Амангелді марқұм Салтанат Нүкенованың ноутбугі жоғалып кеткенін айтты

Марқұмның ағасы тергеу кезінде тінту жұмыстары тек Қуандық Бишімбаевтың пәтерінде жүргізілгенін, оның ата-анасының, туған апайының үйлері тексерілмегенін мәлімдеді.

Айтбек Амангелді марқұм Салтанат Нүкенованың ноутбугі жоғалып кеткенін айтты
1127

Қ.Бишімбаев ісі бойынша тергеу барысында Салтанат Нүкенова тірі кезде пайдаланған ноутбук жоқ болып кеткені анықталды. Техника әлі күнге дейін табылмаған. Оны жәбірленуші тарап заттай дәлелдеме ретінде пайдаланбақ болған, деп жазды turkystan.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Салтанатта HP маркалы ноутбук болды. Жұмыс бабымен қолданатын, онда жұлдызнамалық есептеулер жүргізетін арнайы бағдарламалар болды. Одан бөлек, біз үшін ең маңыздысы, онда Салтанаттың барлық суреттері сақталған. Басқа ішінде не болғанын білмеймін, бірақ ноутбук іс-түссіз жоғалып кетті. Қайда кетуі мүмкін? Кіп-кішкентай айпад емес, кәдімгі үлкен ноутбук. Бишімбаев үйінде тінту жүргізілді, телефондары тәркіленді, бірақ оның ата-анасының пәтерінде, сол тұрғын үйдегі екінші пәтерде, оның туған апайының үйінде ештеңе қаралмады", — деді А.Амангелді Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары