Қарағанды облысында жылан пәтерге кіріп кеткен

Қара дақтары бар сұр жылан ешкімге зиян тигізбеген.

Қарағанды облысында жылан пәтерге кіріп кеткен
ekaraganda.kz

Қарағанды облысының Абай қаласындағы бір пәтерге жылан кіріп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Ермеков пен Абай көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйге кіріп, түні бойы паналаған.

Halyq Uni сайтының мәліметінше, пәтер иесі жыланның үйде жүргенін таңертең ғана байқаған. Содан ол дереу қалалық Төтенше жағдайдар басқармасына хабарласып, үйде жыланның жүргенін айтқан. Құтқарушылар дереу жетіп, жыланды ұстаған.

Қара дақтары бар сұр жылан ешкімге зиян тигізбеген.  Құтқарушылар жыланды қаланың сыртына апарып, жайына жіберді.