Астанада автобус жолағы екі есе көбейеді

/
Астанада автобус жолағы екі есе көбейеді
Фото: instagram.com/cts_kz/

Астанада автобус жолақтарының ұзындығын шамамен екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының директоры Марат Садуов мәслихат отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылы қабылданған көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы аясында қалада жол-көлік жағдайын жақсартуға бағытталған 142 іс-шара көзделген.

«Қазіргі таңда Астанада шамамен 130 шақырым автобус жолағы бар. Біз олардың жалпы ұзындығын 240 шақырымға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта көлік-ауысу тораптарын құруды көздейтін қаланың көлік қаңқасы қолдау тапты», – деді Садуов.

Сондай-ақ ол кейбір учаскелерде қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығының артқаны байқалып отырғанын атап өтті, алайда Bus Lane жолақтарының үзік-үзік болуына байланысты әсері әзірге шектеулі екенін айтты.

«Сонымен қатар Bus Lane үздіксіз болмағандықтан, айтарлықтай жоғары әсерді әлі көріп отырған жоқпыз. Дегенмен әсер бар – 5–10 пайыз», – деп қосты ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары