Ақтауда такси жүргізушісін өлтіріп кетті

22 мамырда стационарға ішінен пышақ жарақатын алған науқас түскен.

Ақтауда такси жүргізушісін өлтіріп кетті
kapital.kz
596

Ақтауда «Адай» базасының аумағында таксисті жолаушы өлтіріп кетті деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Baq.kz сайтының мәліметінше, таксист пен жолаушы арасында жанжал туындаған. Салдарынан жолаушы таксисті өлтірген. Бұл ретте жолаушы да пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген көрінеді.

Көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 22 мамырда стационарға ішінен пышақ жарақатын алған науқас түскен. 

«Кеше сағат 22.20-да 1979 жылғы пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.

Полиция департаментіндегілер бұл ақпаратты растап, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары