Қытайда Орталық Азия елдері халықтарының мәдени орталығы ашылды

Іс-шара аясында саммиттің мерейтойына орай Сиань қаласы парткомының хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпин Орталық Азия елдері халықтарының саябағы мен мәдени орталығын ашты.

Қытайда Орталық Азия елдері халықтарының мәдени орталығы ашылды
сурет: СІМ баспасөз қызметі

Қытайдың Сиань қаласында «Орталық Азия – Қытай» саммитінің бір жылдық мерейтойына арналған семинар өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Жиынға Шэньси провинциясы губернаторының орынбасары Чэнь Чуньцзян, Сиань қаласы әкімінің орынбасары Лу Лайшэн, «ОА–Қытай» форумы хатшылығының атқарушы директоры У Инцинь және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев өкілдік етті.

Іс-шара аясында саммиттің мерейтойына орай Сиань қаласы парткомының хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпин Орталық Азия елдері халықтарының саябағы мен мәдени орталығын ашты.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ресми түрде ашылғаны аталып өтті. Қазақстан Ұлы Жібек жолының бастауында осы өңірдегі ТМД елдері арасында өзінің дипломатиялық өкілдігін аккредиттеген алғашқы мемлекет болды.

Соңында Ж.Қыраубаев іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Хатшылық жұмысының мақсаттары мен міндеттері осы форумға мүше барлық елдердің ортақ экономикалық мүдделеріне қызмет ететініне сенім білдірді.