Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына барды

Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына барды
Akorda.kz

Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.