Әнші Бүркіттің жары Аиша «Мәдениет саласының үздігі» атанды
Желі қолданушыларының марапат иесіне қатысты пікірлері екіге жарылды.
Белгілі әнші Айбек Жансейтовтің әйелі Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Отбасындағы қуанышты жаңалықпен Бүркіттің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңізге алғыс білдіремін. Қуанышымда шек жоқ!”, – деді әнші.
Ал желі қолданушыларының марапат иесіне қатысты пікірлері екіге бөлінді. Бірі әншіні марапатқа сай көрсе, енді бірі лайықсыз санаған.
“Құттықтаймын, жастарға керемет үлгісіздер”, “Құтты болсын, сол төсбелгіге лайық жан”, “Өте мейірімді, ақкөңіл жан, марапатына әбден лайық”, “Не үшін, қай еңбегі үшін, жауап жоқ”, “Өзі де ұялатын сияқты...”, “Іштеріңіз күйсін, әбден лайық”, – деп жазды оқырмандар.