Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды

Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан.

Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды
egemen.kz

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, құтқарушылар 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform.kz сайтының мәліметінше, оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны хабарланды. 

«Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау қоңырау түскен сәттен бастап 22 минут ішінде сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.