Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Жәбір көрген жедел жәрдем қызметкерлдеріне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды
nege.kz
620

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды.  Олар науқастың шақыртуы бойынша үйіне барған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол жерде екі күн бұрын қолы жарақаттанған ер адамды тексерген. Мамандар оған ауруханада жатудың қажеті жоқтығын айтып, тіркелген мекен жайы бойынша емханаға қаралуына жолдама жазып берген.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, дәрігерлердің жауабына үйдегі басқа адамдар қарсылық көрсетіп, балағаттап, жұдырық ала жүгірген. Қоқан лоққы көрсетіп, сыртқа шығармаған. Оқиға ізімен полицейлер бірнеше факт бойынша шара қолданды. Жәбір көрген жедел жәрдем қызметкерлдеріне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс сотқа жіберіледі.

«Агрессивті күш көрсетуден кейін, науқас жанындағы адамдар пәтерді іштен құлыптап, медициналық қызметкерлерді іштен шығармаған. Физикалық күш көрсеткеннен медициналық қызметкер қыздар, фельдшерлер дене жарақаттарын алған. Қазіргі таңда ол кісілердің жағдайы қанағаттанарлық», - деді Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Шайхидин Бадиров.

 

 

Серіктес жаңалықтары