Нидерланды Үкіметі шетелден бала асырап алуға тыйым салды

Нидерландыда шетелден бала асырап алу мәселесі бұрыннан өзекті саналатын.

Нидерланды Үкіметі шетелден бала асырап алуға тыйым салды
rustam030816@mail.ru / DepositPhotos - License: DepositPhotos

Нидерланды Үкіметі шетелден бала асырап алуға тыйым салды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап.

Нидерланды үкіметі "Социалистік партияның" шетелден бала асырап алудан бас тарту туралы ұсынысын қабылдады. Құқық мәселелері жөніндегі министр Франк Вервиндтің айтуынша, бұған дейін басталған процедуралар соңына дейін жеткізіледі, алайда бұдан былай ешкім шетелден бала асырап ала алмайды.

Нидерландыда шетелден бала асырап алу мәселесі бұрыннан өзекті саналатын. 2021 жылы құқық бұзушылық туралы көп шағым келіп түскен соң бұл іске тыйым салынған болатын, алайда кейін Болгария, Венгрия, Лесото, Португалия, Таиланд, Тайвань, Филиппин және ОАР елдерінен асырап алуға қайта рұқсат берілді.

Бұл мәселені көтерген, "Социалистік партияның" депутаты Михиль ван жылдар өте шетелден бала асырап алу алдымен баланы қорғауда оңтайлы шешім емес екенін алға тартады. Оның айтуынша, баланың бір елден екінші елге көшуі түрлі ықпал тигізуі мүмкін. Әрі ол құжаттарды қолдан жасау, балаларды саудаға салу секілді құқық бұзушылықтар болғанын айтады.