Қазақстанда 3,5 мыңнан астам оқушы емтиханнан босатылды

Биылғы оқу жылын 3 млн 800 мың оқушы аяқтағалы отыр.

Қазақстанда 3,5 мыңнан астам оқушы емтиханнан босатылды
tengrinews.kz
707

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 9 мемлекеттік орган бірлесіп, республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Бұл туралы бүгін Үкіметте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады, деп хабарлады turkystan.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Яғни, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, жалпы, биылғы оқу жылын 3 млн 800 мың оқушы аяқтағалы отыр.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 3800-ден астам бала сауықтыру орталықтарына жолданатынын айтты. Қазірдің өзінде 628 бала демалып жатыр екен.

Сонымен бірге «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушыларына, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан ауыл балаларына басымдық беріледі.

«Биыл елімізде 10 мыңнан астам демалыс орнында 3 млн-ға жуық бала жазғы демалысын өткізеді»,-деді министр.

Серіктес жаңалықтары