Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
yuz.uz
933

«Қазгидромет» РМК 21-23 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

«Атмосфералық фронттардың әсерінен облыстарда найзағай ойнайды, бұршақ пен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек батыста жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтап, түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.

Оңтүстік-батыс ағындары мамыр айында күндізгі температураның көтерілуіне ықпал етеді.

«Батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градусқп дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін жоғарылайды. Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары