Бір келісі – 20 теңгеден: Түркістан облысында қырыққабаттан биылғы бірінші өнім жиналып жатыр

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, жаңа піскен өнімге деген басқа өңірлердің сұраныс өте төмен.

Бір келісі – 20 теңгеден: Түркістан облысында қырыққабаттан биылғы бірінші өнім жиналып жатыр
сурет: көрнекі сурет / pistockphoto.com
1478

18 мамырда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының жағдайы талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Түркістан облысында қырыққабаттың алғашқы өнімін жиналып жатыр, егістік басындағы сату бағасы бір кг үшін 20 теңгеден басталады, деп атап өтті Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, оның айтуынша, жаңа піскен өнімге деген басқа өңірлердің сұраныс өте төмен.

Бір аптада қырыққабаттың орташа бағасы 3,6%-ға төмендеген, бірақ сәбіз, картоп және пияз әрі қарай қымбаттап жатыр. Десе де, сөрелерде қырыққабат бағасы келісіне 154 теңгеден болып отыр. 

Демалыс күндері Өзбекстаннан импортталған жаңа пияздың алғашқы партиялары жеткізілмек. Өзбек көкөнісінің баға диапазоны бір кг үшін 62-71 теңге болмақ. Келісімшарттарға сәйкес алғашқы жеткізілімдер БҚО, Қостанай, Қызылордаға жіберіледі. Жаңа импорттық егінді жеткізуге әзірге тек 10 аймақ өтінім берді.

«Барлық әкімдіктер келесі апта ішінде жаңа піскен егінді,өз таңдауларыңызбен импорттық, я болмаса қазақстандық өндірушілерден сатып алу бойынша барлық келісімшарттардың жұмысын аяқтаңыздар. Осы арқылы, көкөністердің бағасын тұрақтандыру қажет», — деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары