Елдос Сметов кезекті әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Жас жапондық балуан белдесудің негізгі уақытында Елдосты таза жеңді

Елдос Сметов кезекті әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Әбу-Дабидегі әлем біріншілігін алғашқы бестікте аяқтады, деп жазады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келі салмақта сынға түскен Сметов қола медаль үшін өткен белдесуде жапондық Таики Накамураға есе жіберді. 

Жас жапондық балуан белдесудің негізгі уақытында Елдосты таза жеңді. 

Осылайша Елдос Сметов кезекті әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтап отыр. Ол былтыр Дубайда өткен әлем чемпионатында да жүлде алмаған еді.