Полиция алматылықтарға үндеу жасады

Қазіргі уақытта Алматы полиция департаментінде түсірілім жұмыстары жүргізілуде.

Полиция алматылықтарға үндеу жасады
polisia.kz

Алматы ПД өкілдері тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қаласында көркем фильм түсіріліп жатыр.

«Алматы полиция департаменті қалада 2011 жылы Таразда болған оқиғаға қатысты «Капитан Байтасов» көркем фильмі түсіріліп жатқанын мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы полиция департаментінде түсірілім жұмыстары жүргізілуде.

«Түсірілім кезінде бос патрондар атылып жатқан көріністер болады (16:30-дан 19:30-ға дейін). Осыған байланысты азаматтарды сабырлылық пен түсіністік танытуларын сұраймыз», - делінген хабарламада.