Петропавлда мектеп оқушысы 19 жастағы жігітті пышақтап тастаған

Науқастың жағдайы тұрақтандырылды, бірақ ауыр деп бағаланып отыр.

Петропавлда мектеп оқушысы 19 жастағы жігітті пышақтап тастаған
azattyq-ruhy.kz
630

Петропавлда жасөспірім 19 жастағы жігітті пышақтап тастаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Абырой болғанда жәбірленуші аман қалған. Ол қазір ауруханада жатыр.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, оқиға Петропавл қаласындағы № 44 мектепте болған.

Зардап шеккен он тоғыз жастағы азамат. Ал оған пышақ сұққан мектеп оқушысы екені анықталды.

СҚО Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Бейресми ақпарат бойынша ол жақында кәмелетке толмағандардың түзеу мекемесінен шыққан. Өз сыныптастарын қорқытып, үркітіп ақша талап еткен. Одан теперіш көргендердің бірі 19 жастағы ағасына жүгінген. Кикілжің кезінде мектеп оқушысы 19 жастағы жасөспірімге пышақ сұғып алған», - делінген хабарламада.

Жәбірленуші ішінен және оң жақ иығынан жараланған. Ол түскен аурухана директорының орынбасары Руслан Абетов жәбірленушіге шұғыл ота жасалғанын айтты. Науқастың жағдайы тұрақтандырылды, бірақ ауыр деп бағаланып отыр.

Жасөспірім хирургиялық бөлімде ем алуды  жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары