ШҚО-да экстремистік материалдарды таратқан адам ұсталды

35 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ШҚО-да экстремистік материалдарды таратқан адам ұсталды
ШҚО Полиция департаменті
640

Полицейлер ШҚО тұрғынының әлеуметтік желілерінде экстремистік деп танылған діни материалдарды бөліскенін анықтаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Күдіктіні ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады.
 

«ШҚО тұрғыны өзінің ұялы телефонында сот экстремистік деп таныған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтап қана қоймай, оларды танымал әлеуметтік желінің кеңістігінде «бөліскен», - делінген хабарламада..


Аталған факті бойынша облыс орталығының 35 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
 

«Сот қаулысымен ер адам аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары