Мақпал Жүнісова Нұрғиса Тілендиевпен түскен тарихи суретін жариялады

Онда әншінің белгілі композитордың сүйемелдеуімен ән шырқап жатқанын көруге болады.

Мақпал Жүнісова Нұрғиса Тілендиевпен түскен тарихи суретін жариялады
Instagram/zhunusova.makpal

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желіде әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевпен түскен ескі фотосын көрсетті.

Мақпал Жүнісова тарихи суретті Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің белгілі композитордың сүйемелдеуімен ән шырқап жатқанын көруге болады. Фотода әншінің 7-сыныпта оқитын кезі.

"Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің сүйемелдеуімен ән айтып тұрған сәт. Жетінші сынып оқушысы Мақпал Жүнісова", - деп жазды эстрада жұлдызы.