Теннисші Бейбіт Жукаев Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Психолог аталған мәселеге қатысты пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Теннисші Бейбіт Жукаев Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Сурет: ҚТФ

Қазақстандықтар, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жукаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазды turkystan.kz.

Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. 

Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды. Есеп - 7:6 (10:8), 6:0.

Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға жолдама алады.