«Үйдің кілтін жоғалтып алған»: Павлодарда ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Үйдің кілтін жоғалтып алған»: Павлодарда ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан
diapazon.kz
707

Павлодарда көшеде әйеліне қол көтерген тұрғынға қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, жұбайын ұрған ер адамның жеке басы анықталды.

Әлеуметтік желідегі tipavlo.dar парақшасында облыс орталығындағы аулалардың бірінде түнгі уақытта ер адамның әйелді ұрған бейнесі жарияланды. Бейнедегі жазбаның астында ер адам әйеліне кілттерді жоғалтқаны үшін ұрысып тастап, қол көтерген деген болжамды пікір жазылған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

«Жарияланым бойынша тексеріс жүргізілді. Аталмыш факті бойынша полицияға ешкім шағымданбаған. Полицейлермен жәбірленуіші мен құқық бұзуышының жеке басын анықтау бойынша шаралар жүргізілді. Жанжалдың қатысушылары анықталды. Жәбірленушінің шағым түсіруден бас тартқанына қарамастан, полиция жұбайына қатысты отбасылық жанжал фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады»,– деді департаментте. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Серіктес жаңалықтары