Астанадағы мешітте ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Ер адам әлдекімнің 220 мың теңге қолма-қол ақшасын алып кетіп қалған

Астанадағы мешітте ұрлық жасаған ер адам ұсталды
Sputnik / Евгений Биятов
569

Астана қаласының тәртіп сақшылары мешітте ақша ұрлаған құмар ойыншы анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Есіл ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады.

«Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам қаланың сол жақ жағалауында орналасқан мешітке кешкі намазға келген. Жуынатын бөлмеде ілініп тұрған бөтеннің күртешесі оның көзіне түскен. Қаскүнем қылмыстық оймен ешкім байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешенің қалтасынан 220 мың теңге қолма-қол ақшаны алып кетіп қалған. Анықталғанындай ер адам ұрланған ақшаны ұтысқа тігіп, ұтылып қалған», - делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Аталған фактіге қатысты ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Серіктес жаңалықтары