746
Оралда мас ер адам көпқабатты үй ауласында тұрған 7 көлікті қиратып кеткен
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оралда мас ер адам тұрақта тұрған жеті көлікті қиратып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Massaget.kz сайтының мәліметінше, 14 мамырда әлеуметтік желіде айғайлап, тұрғын үйдің қасында тұрған көліктердің терезесін сындырып жүрген ер адамның видеосы тарады. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 7 көлікті зақымдаған.
«Ер адам токсикоманиялық мас күйінде болған. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды», - дейді ведомство өкілдері.