Астанада әскери оқу-жаттығу өтті

Бұл оқу-жаттығу елорданың ау­мақ­­тық қорғаныс бригадасында он күн­дік әскери жиын аясында ұйымдас­ты­рыл­ды.

Астанада әскери оқу-жаттығу өтті
300

Әскери жиынға шақырылған офицер­лік, сер­жанттық және қатардағы жауын­гер­лер құрамынан жүз адам қатысты.  
– Жиын барысында әскери міндеттілер те­о­рия­лық және практикалық дайындықтан өт­ті. Жиын­ның соңғы кезеңі аса маңызды ны­санды – «Астана Су Арнасы» МКК күзету бойын­ша тактикалық-ар­найы оқу-жат­тығуы пысықталып, бөлімшелерді үй­лес­­тіру­ге ерекше назар аударылды, – деді елор­да­дағы аумақтық қорғаныс брига­да­сы­ның ко­мандирі полковник Омар Орынбаев. 
Парламент Мәжілісінің аппаратында жұ­мыс іс­тейтін запастағы лейтенант Әбір­бек Саурық жиын­ға Есіл қорғаныс істері жө­ніндегі басқарма­сы­нан шақырылды.  
– Әскери жиындар кезінде жауынгерлік, так­тикалық, атыс, мемлекеттік-құқықтық дайын­дық­тан сабақтар өтті. Іс жүзінде қарулы шабуыл болған жағ­­дайда «Астана Су Арнасы» кәсіпорнын қорғау жө­ніндегі іс-қи­мылдар пысықталды, – деді әскери мін­­­детті. Запастағы әскери міндеттілерді даярлау жә­не қай­та даярлау теориялық білімді жаңар­туға жә­не қол­да бар дағдыларды бекітуге мүмкіндік бере­ді. Осы­лайша, әс­ке­ри дайындалған резерв жи­нақта­лып, ма­ман­дардың құзыреті жетілдіріледі. Бұл рет­те тапшы мамандықтар бойынша кадр­лар­д­ы толықтыруға баса назар аударылады.

Серіктес жаңалықтары