Жыл басынан бері 9 мыңға жуық ерлі-зайыпты ажырасқан

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 26,7 мың неке тіркелген

Жыл басынан бері 9 мыңға жуық ерлі-зайыпты ажырасқан
egemen.kz

Қазақстан азаматтарына қатысты соңғы сандарды Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 26,7 мың неке тіркелген. Ал ажырасулар саны соның шамамен үштен біріне тең. Жыл басынан бері 8,8 мың ажырасу тіркелген. 

Жалпы биыл Қазақстанда халықтың жалпы өсімі 62 121 адамды құрады. 

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 20 095 963адам.