Ислам Бозбаев "Grand Slam" турнирінде чемпион атанды

Ислам Бозбаев "Grand Slam" турнирінде чемпион атанды

Ислам Бозбаев  "Grand Slam" турнирінде чемпион атанды
ашық дереккөзі
 Бакуде өтіп жатқан «үлкен шлем» турнирінде ел намысын қорғаған дзюдошы Ислам Бозбаев 90 келіге дейінгі салмақтағылардың арасында алтын медаль алды деп хабарлайды Sports.kz. Жартылай финалда қазақстандық күрес шебері әзербайжандық палуан Турал Сафгулиевтің жауырынын жер иіскетті. Финалда турнир қожайыны Маммадали Мехдиевпен кездесіп, вазари әдісімен екі ұпай алдыға шықты. Осылайша, Бозбаев «Grand Slam» турнирінің тарихында алтын медаль жеңіп алған төртінші дзюдошы болып отыр. Белдесулерді көрермендер «Kazsport» телеарнасынан тамашалай алады.