Астанадағы Grand Slam турнирі: Бүгін кімдер белдеседі

Бүгін ерлер арасында 73 және 81 келі салмақта, ал әйелдер арасында 63 және 70 келідегі дзюдошылар сынға түседі

Астанадағы Grand Slam турнирі: Бүгін кімдер белдеседі
olympic.kz

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші жарыс күні татамиге ерлерден екі, әйелдерден екі салмақта балуандар өзара мықтыны анықтайды, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, бүгін ерлер арасында 73 және 81 келі салмақта, ал әйелдер арасында 63 және 70 келідегі дзюдошылар сынға түседі.

Ерлер арасында 73 келіде ел намысын Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов қорғаса, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді татамиге шығады.

Ал әйелдер арасында 63 келіде ел намысын Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова қорғаса, 70 келіде Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова сынға түседі.