Елордада жүгіруден «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді

Қатысушылар арасында Samsung Galaxy S 24 смартфондары және тағы басқа бағалы сыйлықтар ойнатылады

Елордада жүгіруден «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді
917

18 мамырда Астанада жыл сайын жүгіруден өтетін «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді.

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының www.bolashakcharity.kz «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасы аясында аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталады.

Жүгіру марафонына кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, БАҚ өкілдері, ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналары қатыса алады.

Жүгіру марафоны төрт қашықтықта өткізіледі.

•          1 км – 5 990 теңге.

•          2,5 км – 6 990 теңге.

•          5 км – 7 990 теңге.

•          10 км – 8 990 теңге.

Қатысу шарттары:

  • Жарысқа тек бір қашықтық бойынша жүгіруге болады.
  • Әр санатта бірінші, екінші және үшінші орын алған жарыс жеңімпаздары дипломмен марапатталады.
  • Мәреге жеткендердің барлығына бірдей, жасына және таңдаған қашықтығына қарамастан медаль беріледі.
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері марафонға тегін қатысады.

Іс-шара аясында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.

Сонымен қатар қатысушылар арасында Samsung Galaxy S 24 смартфондары, «Argymaq» премиалды брендінен құны 250 000 теңге сертификаттар, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінен құны 15 000 теңге және 20 000 теңге сертификаттар, «Templ» фитнесс орталығынан жылдық абонемент және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізіледі.

Өтетін орны мен күні: Астана қ. Триатлон паркі 2024 жылғы 18 мамыр. Марафон сағат 08:00-де басталады.

Қашықтықтар бойынша марафонға тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in 

«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу:

https://forms.gle/TYDwPw39WFpATLMZ7   

Серіктес жаңалықтары