Шавкат Рахмонов әлемдегі үздік файтерлердің тізіміне енді

Шавкат Рахмонов үздік 20 файтердің рейтингіне (P4P) енді.

Шавкат Рахмонов әлемдегі үздік файтерлердің тізіміне енді
offside.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов cалмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтердің рейтингіне (P4P) енді, деп хабарлады turkystan.kz.

Sport Plus Qazaqstan сайтының мәліметінше, аталған рейтингте Рахмонов 20-орынға жайғасқан. Бұл тізімге қазақстандық аралас жекпе-жек шебері алғаш рет қосылып отыр. Рейтингте Ислам Махачев көш бастап тұрса, Алекс Перейра екінші, Леон Эдвардс үшінші орынға табан тіреген.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңген еді. Шавкаттың MMA-дағы рекорды – 18-0.