1330
Шымкентте сәбидің денесін қорапшаға салып, тастап кеткен әйел ұсталды
Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды.
Шымкентте шала туған нәрестенің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен.
«Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.