835
ТЖМ: Су басқан өңірлерде 51,5 мыңнан астам адам үйіне оралды
Бүгінгі күнге дейін өңірде 17,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.
Республика бойынша су тасқыны болған өңірлерде 51 506 адам өз үйіне оралды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік мәліметіне сәйкес, республика бойынша 10 043 жеке тұрғын үй мен 3 242 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.
Су тасқыны басталғалы бері 17,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.