Жәнібек Әлімханұлы жаңадан әлем чемпионы атанған боксшыны жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

Жәнібек Әлімханұлы жаңадан әлем чемпионы атанған боксшыны жекпе-жекке шақырды
Сурет Берік Сұлтанның фейсбук парақшасынан алынды

Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа WBC титулының иегері доминикандық Карлос Адаместі (23-1, 18 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Адамес WBC тарапынан жартылай чемпионнан толыққанды чемпионға көтерілді.

«Карлос Адамес, менің клубыма қош келдің. Құттықтаймын! Енді сен әлем чемпионысың, келісім бойынша жекпе-жек ұйымдастырайық», — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).