Олимпиадаға іріктеу: Дін-Мұхаммед Қошқар ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық балуан турнирдің ширек финалына өтті.

Олимпиадаға іріктеу: Дін-Мұхаммед Қошқар ширек финалға жолдама алды
olympic.kz

Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Дін-Мұхаммед Қошқар ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен 67 келі салмақта бақ сынап жатқан Қошқар 1/8 айналымда Еуропа чемпионы, румыниялық Михай Михуцты мерзімінен бұрын жеңді. 

Осылайша, қазақстандық балуан турнирдің ширек финалына өтті. 

Айта кетсек, Стамбулдағы соңғы іріктеу турнирінде әр салмақта алғашқы үш орынға ие болған балуандарға жолдама беріледі.