Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты

Спортшының активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар

Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты
ҚТФ

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина - өткен жылғы WTA 1000 санатындағы турнирлерде 500-ден астам ұпай (winner) жинаған жалғыз теннисші, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

OptaАce статистикалық ресурсы хабарлағандай, отандасымыздың активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар.

Бір күн бұрын Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирідің жеребесі өтті. Турнирдің қазіргі чемпионы-қазақстандық Елена Рыбакина бірден екінші айналымға өтіп, румыниялық Ирина Бегумен немесе біліктілік бойынша теннисшімен кездеседі.