Таиландта ауқатты әйел өз-өзіне қол жұмсап, бар байлығын қызметшісіне қалдырған
Оның денесі вилласындағы бассейннің жанынан табылды.
Таиландта үй қызметшісі бастығының бар байлығын, яғни 2,5 миллион еуро қаражат, 5 вилла мен көлікті мұраға алған. Бұл туралы bangkokpost.com жергілікті басылымы хабарлады.
59 жастағы Кэтрин Делакоте қатерлі ісікке шалдыққанын білгеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Осылайша, көз жұмар алдында 17 жыл өзіне қызмет еткен 49 жастағы Нутвалай Фупонгтаға бар мүлкін тастап кету туралы шешім қабылдапты.
Полицияның мәліметінше, Делакоте дүйсенбіде қарудан қаза тапқан. Оның денесі вилласындағы бассейннің жанынан табылды. Мәйіттің жанынан 45 мм автомат қару, патрон, бір стақан ішімдік, күннен қорғайтын көзілдірік және бір қорап темекі табылған.
Полиция, сондай-ақ бұған дейін Делакоте жерлеу рәсімінің шығындарын төлеу үшін Нутвалайға 500 000 бат аударғанын хабарлады.
Белгілі мәліметке сүйенсек, үй иесі қызметкерге қатерлі ісікпен ауыратынын айтқан. Алайда, қызметшінің айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы ештеңе айтпаған.