«Ордабасы» футбол клубының президенті қызметінен кетті

Бұл ақпаратты футбол клубының баспасөз қызметі растады.

«Ордабасы» футбол клубының президенті қызметінен кетті
instagram.com/fc__ordabasy/

«Ордабасы» футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл ақпаратты футбол клубының баспасөз қызметі растады.

Бауыржан Тойшыбекұлы клубқа қиын кезеңде келіп, екі жылдың ішінде Қазақстан Кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді, - делінген футбол клубының мәліметінде.