Қызылордада жастардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Кадрлардан төбелеске оннан астам жігіт қатысқанын көруге болады.

Қызылордада жастардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
видео: t.me/egovpress

Қызылордада жастардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz

Роликті Egov Telegram арнасы жариялады. Кадрлардан төбелеске оннан астам жігіт қатысқанын көруге болады.

Бұл оқиғаға қатысты Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Жағдайлар белгіленеді. Медициналық мекемеге жүгіну фактілері жоқ, – делінген хабарламада.