Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

«ЕАЭО 10 жыл» коллекциялық монеталары Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымның 10 жылдығына орай естелік монеталар шығару туралы ұсынысына сәйкес дайындалды.

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарды
ulysmedia.kz

Ұлттық Банк Еуразиялық экономикалық одақтың 10 жылдығына орай коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Еуразиялық экономикалық одақ. 10 жыл» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталар 2024 жылғы 24 мамырдан бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

«ЕАЭО 10 жыл» коллекциялық монеталары туралы

«ЕАЭО 10 жыл» коллекциялық монеталары Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымның 10 жылдығына орай естелік монеталар шығару туралы ұсынысына сәйкес дайындалды. Дизайнның негізінде ЕАЭО-ның ресми логотипі және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің мемлекеттік туларының композициясы пайдаланылды.

Монеталар интерференциялық құбылмалы бейнелеу және түрлі-түсті басып шығару технологиясын қолдана отырып, 925/1000 күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 дана.